«Charity Music Run» — салауатты өмір салтын ұстанатындардың, жүгіруді ұнататындар мен әлеуметтік белсенді адамдардың бастарын қосатын, жыл сайын өткізілетін қайырымдылық музыкалық жүгіру шарасы. 2018, 2019 және 2022 жылдары жинақталған бүкіл қаражат Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығының жайларын жөндеуге және арнайы медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалды
Іс-шарадан жиналған ақша қаражаты «Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы» АҚ-ға арналған арнайы медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалады.
Жеңілдік алу үшін тіркеу кезінде «студент» мәртебесін көрсету керек, ал
бастапқы жиынтықты алған кезде студент билетін, соның ішінде
электронды форматтағы билетті көрсетуі тиіс.